Ғалымдар тәуліктің ұзарып жатқанын анықтады

388

0

Айдың Жерден қашықтығы алыстаған сайын планетамыздың айналу жылдамдығы бәсеңдейді. Сол арқылы жыл сайын тәулік 1/75 000 секундқа ұзара түседі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдар жаңа зерттеу барысында астрономиялық комбинациялар теориясын пайдалана отырып 1,4 млрд жыл бұрын Жер өз осінен жарты сағат 41 минут сайын толық айналып отырғанын анықтады. Бұл тәулік уақытының жылына 1/75 000 секундқа ұзарып отырғанын әрі бұл тенденция миллиондаған, тіпті, миллиардтаған жыл бойы сақталатынын көрсетеді.

Висконсин-Мэдисон университетінің профессоры Стивен Майерс пен Нью-Йорктегі Колумбия университетінің профессоры Альберто Малинверноның айтуынша, 1,4 млдр жылда Ай Жер планетасынан 44 мың км қашықтыққа алыстап, бұл қашықтық 384400 км-ге жеткен.

Мейерс пен Малинверн Жер мен Айдың арасындағы миллиард жыл бұрынғы қашықтықты өлшеу үшін Жер орбитасындағы өзгерістер мен Миланкович циклін пайдаланған. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін 50 млн жыл зерттеулер жүргізіліп келгенімен, нақты мәлімет енді алынып отыр.

Миланкович циклі 10 мыңнан миллион жылға дейінгі уақыт аралығындағы климаттың өзгерісін анықтауға мүмкіндік береді. «Миланкович циклі планетамыз бен Күн жүйесінің тарихын өлшеуде қуатты құрал саналады. Геологиялық тарихты зерттеуде бұл біздің компасымыз болды», дейді Майерс. Ғалымның айтуынша, Ай Жер планетасынан алшақтап жатқанымен, болашақта тұрақты дистанцияға барып орнығады. Бірақ ол кезде Ай планетамыздың бір шетінен көрініп, екінші шетінен байқалмауы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<