Қай кезде мейрамханада және дүкенде сынған тауар үшін 10% төлемеуге болады: сіз білмеген құқықтар

792

0

Қай кезде мейрамханада және дүкенде сынған тауар үшін 10% төлемеуге болады: сіз білмеген құқықтар Заңмен тыйым салынған нәрселерден басқа барлығын суретке түсіруге болады

Заң бойынша тыйым салынған: түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларындағы объектілерді суретке түсіру, сотталғандарды суретке түсіру, сот отырысы залында суретке түсіру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу кезінде суретке түсіру.

Қалған жағдайларда суретке түсіру рұқсат, тек осы суреттерді қолдануға тыйым салынады. Суретте бейнеленген адамның келісімінсіз оларды жариялауға болмайды. СОО-ның, дүкендердің, кинотеатрлердың кіру жерлеріне назар аударған жөн, онда суретке түсіруге тыйым салу ережелері болуы мүмкін. Егер сауда орталығына кіріп, ешқандай сақтандырулар болмаса, онда суретке түсіруге сізге ешкім тыйым сала алмайды.

Ақпарат көзі: online.zakon.kz, adilsoz.kz

Сатып алушы дүкенде сынған тауардың ақшасын төлеуге міндетті емес

Сіз дүкен зықымын тауарды қолыңызға алып, абайсызда құлатып алған жағдайда ғана өтеуге міндеттісіз. Сондай-ақ, егер дүкен ішінде өзіңізді ұнамсыз ұстасаңыз: жүгіріп, төбелеске қатысып немесе әдейі кез келген тауарды лақтырып, сындырсаңыз.

Егер өтпе жолдары тар болса, еден су немесе тауар стеллажда тұрақсыз тұрса немесе бір құтыны алып, қалған құрастырылым шашылып, таспадан кассаға құлап, тауар сынған жағдайда күнә толығымен дүкенге жүктеледі.

Ақпарат көзі:online.zakon.kz

Сіз кірер бетте сөмкеңізді сақтау камерасына тапсыруға міндетті емессіз

Сатып алушы дүкенге кірген кезде жеке заттарын сақтау камерасына тапсыруға міндетті емес. Бұл сіздің құқығыңыз. Бірақ сөмкеңізді тапсырсаңыз, дүкен заттардың сақталуына жауап береді. Сонымен қатар, дүкеннің сауда залына кірген кезде сізден басқа дүкеннен сатып алған тауарларыңызды талап етуге құқығы жоқ.

Ақпарат көзі: online.zakon.kz

Күзетшінің жеке заттарыңызды тергеуге құқығы жоқ

Тінту тек құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ғана орындалады, дүкен күзетшілері олардың қатарына жатпайды. Және қылмыс жасау туралы негіздемелер болған жағдайда ғана. Егер сізді сөмкеңіздегі заттарды көрсетуді сұраса, бас тартуға құқылысыз. Егер дүкеннен шыққан кезде магниттік таспа шуласа немесе бейнекамерадан жазбалар болса, онда сізді текеруді өткізетін полиция қызметкерлері келгенше ұстауға құқылы.

Ақпарат көзі: online.zakon.kz

Жолаушының автобустағы құқығы

Сіз алдын-ала кондукторға ескертіп немесе жүргізушіге түйме арқылы дабыл беріп, талабыңыз бойынша кез келген аялдамада шығуға құқылысыз.

Ақпарат көзі: egov.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<