«Аймақтың киелі жерлері» фотоконкурсының ережесі

436

0

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ұсынған «Аймақтың киелі жерлері» фотоконкурсын  (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібін белгілейді.
2. Конкурстың мақсаты – тарихи және мәдени ескерткіштерді, киелі жерлерді насихаттау, облысымыздың киелі жерлерінің көркем бейнелерін қалыптастыруға ықпал ету.
1. Конкурстың міндеттері:
1) азаматтық және патриотизм мәселелеріне қоғамның назарын аудару;
2) біздің өңіріміздің мәдени мұрасын насихаттау;
3) фотоөнер, фотоөнердің дамуы саласында жаңа есімдер мен таланттарды ашу болып табылады;
3. Сыйлық құрылтайшысы және ұйымдастырушысы облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы (бұдан әрі – Орталық) болып табылады.
2. Өткізу тәртібі
4. Конкурстың  басталуы туралы хабарландыру орталықтың www.fasebook.kz  әлеуметтік парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Конкурстық жұмыстар – 2019 жылғы 14 тамызынан бастап 22 тамыз аралығында тапсырылады.
7. Конкурс қорытындысы – 2019 жылғы тамыздың 23-де шығарылады.
8. Жеңімпаздарды марапаттау арқылы қорытынды көрме 2019 жылғы 23-тамызда Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі филиалы Көркемсурет галереясында өтеді.
3.Қатысу шарттары
9. Конкурсқа қатысуға әр ауданнан және қаладан кәсіпқой және кәсіпқой емес фотографтар шақырылады.
10. Фотожұмыс конкурстың  мәлімделген тақырыбына сәйкес келуі тиіс.
11. Бір қатысушының фотолар саны – жетіден артық емес.
12. Конкурсқа жіберілген барлық жұмыстар қайтарылмайды. Қатысушылардың жұмыстары ұйымдастырушылар тарапынан конкурсты танымал ету мақсатында шығарма авторлығын  міндетті түрде көрсете отырып, конкурс тақырыптарын жариялау үшін пайдаланылуы мүмкін.
13. Жіберілген фотожұмыстардың авторлығының сақталмауына жауапкершілік аталған жұмысты ұсынып отырған конкурсқа  қатысушыларға жүктеледі.
14. Конкурс ұйымдастырушылары үшінші жақтың қатысушыларының  авторлық құқығын  бұзғаны үшін жауапкершілікте болмайды.
4. Өтінімдерді қабылдау
15.  Фотолар ruh.ortaliqkz@mail.ru электрондық мекенжайына қабылданады:
16. Фотолар JPG форматында ұсынылады, А4 (297 х 210) көлемде, 5 Mb кем болмауы тиіс.  
17. Барлық жүктелген фотолар міндетті талқылаудан өтеді.
18. Жоғарыда сипатталған қағидаларды бұза отырып жүктелген фотолар фотоконкурс  қазылар алқасының қарауына ұсынылмайды.
19. Әр фотожұмысқа міндетті түрде мынадай деректер қоса берілуі тиіс:
1. – жұмыстың атауы,
2. – ФАӘ, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы, байланыс телефоны;
3. – оқу орны (жұмыс).
 20. Қатысушы:
Конкурс ұйымдастырушыларына ұйымдастырушының қалауы бойынша фотоальбом құрамында, бұқаралық ақпарат құралдарына және Интернет желісінде шығармаларын жариялауға келісімін және құқығын береді;
– конкурсқа қатысу үшін материалдар мен құралдарды өздері алып келеді.
5. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
21. Конкурстың фотожұмыстарын бағалау және оның  жеңімпаздарын анықтау сыйлық құрылтайшысы құратын құрамында саны кемінде 4 мүше болатын, белгілі және беделді фотосуретшілерден, сондай-ақ конкурс құрылтайшысының өкілдерінен және қылқалам шеберлерінен (суретші) тұратын конкурс­тық  қазылар алқасы  жүзеге асырады.
22. Қазылар алқасының құрамы мен төрағасын конкурс құрылтайшысы бекітеді.
23. Конкурс талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды қазылар алқасы қарамауға құқылы.
24. Конкурс іріктеуінен өткен жұмыстар жасырындылық қағидатын сақтай отырып (авторы көрсетілмей),  барлық қазылар мүшелеріне жіберіледі.
25. Қорытынды шешімді қазылар алқасы  мүшелері байқау өлшемшарттарына сәйкес 5 баллдық жүйе бойынша бағалайды.
26. Қазылар алқасы функциясына мынадай өлшемшарттар  бойынша конкурс жұмыстарының бағалары кіреді: конкурстың мәлімделген тақырыбына фотожұмыстың сәйкестігі; авторлық ойдың бірегейлігі; фотожұмыстың көрнектілігі; фотографияның көркемдік сапасы.
27. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы  мүшелерінің шешімі бойынша конкурсты жүргізудің барлық кезеңінде қосымша номинациялар жариялануы, сонымен қатар серіктестер мен демеушілердің арнайы сыйлықтары бекітілуі мүмкін, ол туралы конкурс­қа қатысушыларға қосымша хабарланады.
28. Шешім қабылданғанға дейін жасырындылық қағидаты  сақталады.
29. Қазылар алқасының шешімі нақты болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
5. Жеңімпаздарды марапаттау
 Жеңімпаздар облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталады.
Қорытынды ақпарат және қатысушылардың ой-пікірлері БАҚ-та кеңінен насихатталып, ұйымдастырушылар тарапынан әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<