Бос уақытты қалай өткізесіз?

2158

4

         Ең қымбат нәрсе – ол уақыт. Оның адамға бағынбайтын өз заңдылықтары бар.  Біз уақытты қалаған кезімізде ұзартып, не қысқарта алмаймыз. Уақытты зая кетіру – ең ауыр өкініш. Сондықтан, барынша пайдалы істермен айналысқан жөн. Бос уақытты тиімді өткізудің бірнеше түрі бар. Қолөнермен, бимен айналысу, салауатты өмір салтын ұстану, кітап оқу және басқа да пайдалы істермен шұғылдану. Әр адамның талғамы әртүрлі болады. Мәселен кітап оқу. Жапон ғалымдары кітап оқу өміріңізді ұзартатынын дәлелдеген. Расында солай ма?  Тек бұл емес, рухани азық та кітапта. Ұлы  Абай :  » Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге»,-деп бекер айтпаған.

Қазақ тілінің өте бай екенін шет елдік азаматтардың тілімізге қызығушылық танытқанынан байқауға болады. Қазақ жазушыларының кітаптарын оқи отырып, шығарманың желісінде өзің жүргендей күй кешесің. Олардың өткір сөздері алпыс екі  тамырыңды шымырлатып, қайраттандыра түседі. Оқырмандардың жас ерекшелігіне көз салсақ 10 мен 60 жас аралығындағы еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін зер салып оқиды екен.

Кітаптың пайдасы мол. Қазіргі қоғамда кітап оқушылар саны сиреп бара жатқандығы қынжылтады. Оған кейбіреулер уақыт тапшылығының аз екенін сылтау етсе, енді біреулер әлеуметтік желінің құрбаны болып, алтын уақыттарын бос іспен өткізетіндігі айқындалып отыр.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, кітап оқу, рухани байлық жинау адамдарды ұмытшақтық ауруынан сақтайды. Статистикаға сенсек, бүгінде сатылымдағы кітаптардың жартысын көбіне 45 жастан асқан оқырмандар сатып алады екен.

            Қазіргі таңда жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Әлеуметтік желіде көп отыратын жастар арасында «Кітап құрттары» атты ұйымның  онлайн шарансының куәсі болдым. Онда оқырмандар өздерінің жыл көлемінде оқыған кітаптарын талқыға салып,  алған әсерлерімен бөлісті.  Тағы да осы секілді жастарды кітап оқуға баулитын шаралар өткізілуде. Кітапта берілген білімді, ешбір әлеуметтік желі бере алмайды. Кітапты қолымызға ұстап, сезініп оқымасақ , ондағы жазылған дүниелер түйсігімізге жетері күмәнді. Мұхтар Әуезов атамыз: «Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады»,- деген екен. Бұл сөздерден біз не түйеімз?  Кітап оқу арқылы интеллегентті және рухани бай адамға айналамыз. Адам бойындағы көзге көрінбейтін өзгерістерді жасаушы  азық-кітап.

            Аружан САРУАРБЕК

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың

1 курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<