Бүркіт жасының қазақ тіліндегі атаулары

9590

0

Саятшылық – қазақтың бір өнері. Ерлердің ермегі емес, болмысы, табиғатымен сіңісіп кеткен бұл өнердің қазақ үшін орны ерек. Астында жылқысы, қасында құмай тазы, қолында бүркіті, қоржында мылтық…

Суреттеген сайын көз алдыңызға нағыз көшпенді даланың образы келеді. Соның ішінде бүркіттің де орны бөлек. Оны баптау, тұғырынан тұрғызып, аңға салғанға дейінгі әрбір әрекеті мен күтімі ерекше. Сондықтан болар қазақ үшін көкте ұшқанның маңызы бар, әсіресе бүркіттің. Бүркіттің жасы 1 жас – Балапан 2 жас – Тірнек 3 жас – Тас түлек 4 жас – Ана 5 жас – Қана 6 жас – Көк түбіт 7 жас – Қам түлек 8 жас – Жана 9 жас – Май түбіт 10 жас – Барқын 11 жас – Баршын 12 жас – Шөгел Балапан – жұмыртқадан жарып шыққан қыранды бір жасына дейін осылай атайды. Тірнек – үш жасар бүркіт. Бұл атаудың шығуына балапан тырнақтарының жетілуі негіз болған. Қантүбіт – екі жасар бүркіт. Балапан түгінің құлпыра бастауына байланысты айтылған. Тас түлек – күшейткіш мағынада аталған. Балапанның жетіліп, бабына келген кезінде түктерін түгел ауыстыратынын білдіреді. Мұзбалақ – алғыр, қыран бүркіт, ақ иық. Қыранның сырт бейінесіне қарай атаған. Бұған қоса Қандыбалақ деп те атауға болады. Қана – 5-7жасар бүркітті атаған. Барқын – қартайған бүркіт. Барқын қара қоңыр, қоңыр түсті білдіреді. Бұл дегеніміз қыранның түгі өзгеріп, барқын тартатын кезі. Баршын – он жастан асқан құс. Көк, қара көк түсі басым түрін айтады. Мола – бүркіттің жігері қайтып, суыққа төзімсіз болған шағы. Шөгел – он бір жыл жасаған бүркіт.

Дереккөз:  massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<