Еш қиындықсыз өзіңіз де әзірлей алатын мейрамхананың 3 тағамы

567

0

Еш қиындықсыз өзіңіз де әзірлей алатын мейрамхананың 3 тағамы Өзіңіз оңай-ақ әзірлей алатын тағамдарға үлкен сомада қаражат жұмсау мүлде қажет емес. Егер сіз тамақ әзірлегенді ұнататын болсаңыз, онда біз жинақтаған мейрамхана тағамдарының үй рецепттері топтамасы сізге де ұнайтын болар.

1. Капрезе

Сізге қажет:
Қызанақ — 800 г
Моцарелла — 350 г
Балғын насыбайгүл — 8-10 жапырақшасы
Зәйтүн майы — араластыру үшін
Тұз, бұрыш — дәміне қарай

1. Қызанақтарды жұқа етіп дөңгелектеп турап, моцарелла тілімдерімен кезектестіре отырып тәрелкеге салыңыз.

2. Салатқа зәйтүн майын құйып, тұз бен бұрыш қосыңыз.

3. Бетін насыбайгүл жапырақшаларымен безендіріп, салатты дастарханға қойыңыз.

Еш қиындықсыз өзіңіз де әзірлей алатын мейрамхананың 3 тағамы2. «Макарон» печеньесі

Сізге қажет:

Бадам ұны — 2/3 стақан
Қант — 5 ас қ.
Ваниль сығындысы — 1 ас қ.
Қант ұнтағы — 1,5 стақан
Жұмыртқаның ағы — 3 дана
Сары май — 7 ас қ.
Сүт  — 3,5 ас қ.
Ваниль сығындысы — 1 шәй қ.
Жұмыртқаның сарысы — 2 дана
Қант немесе қант ұнтағы — 1/4 стақан

1. Духовканы 120 ºC-қа дейін қыздыруға қойыңыз, оның пісіретін қалыбының ішіне пісіруге арналған қағазды төсеңіз.

2. Табаққа қант ұнтағы мен бадам ұнын араластырып, алынған қоспаны елеуіштен өткізіңіз.

3. Жұмыртқаның ағын бөліп алып, оны жеке табаққа араластырғышпен шайқаңыз да оған қант пен ваниль сығындысын қосып, қант ерігенше шайқауды жалғастырыңыз.

4. Екі қоспаны біріктіріп, біркелкі қоспа пайда болғанша араластырыңыз. Дайын қамырды кондитерлік қалтаға салып, піскенде макарон пішінде болатын кішігірім дөңгелектерді табаққа сығып шығарыңыз. Духовкада 15-20 минут пісіріп, содан кейін салқындатыңыз.

5. Енді арасына салатын салындысын әзірлеңіз. Сары майды біркелкі етіп ерітіңіз, жұмыртқаның сарысын қант немесе қант ұнтағымен араластырып шайқаңыз, сүт қосып тағы да шайқаңыз.

6. Төмен алауда жұмыртқа-сүт қоспасын қоюланғанша қыздырыңыз, ал содан кейін бөлме температурасына дейін салқындатып сары майды, ваниль сығындысын қосып, біркелкі крем консистенциясы (қоймалжыңы) пайда болғанша араластырыңыз.

7. Макарондардың бір бөлігіне салындыны салып, екіншісін соған біріктіріңіз де дастарханға қойыңыз.

Еш қиындықсыз өзіңіз де әзірлей алатын мейрамхананың 3 тағамы 5. Рибай-стейк

Сізге қажет:

Cиыр етінен стейк — 300 г
Зәйтүн майы — 3 ас қ.
Дәмдеуіш пен тұздықтар — дәміне қарай

1. Стейктің екі жағына да зәйтүн майын жағып, тұз бен бұрыш себіңіз және қажетті дәмдеуіштерді қосыңыз.

2. Алдын-ала қыздырылған гриль-табаға етті салып, екі жағын да бір минуттан қуырып алыңыз.

3. Отты төмендете отырып, стейктің екі жағын да 7-10 минуттан қуырыңыз (уақыт өзіңіз қалаған қуыру дәрежесіне байланысты).

4. Дайын стейкті тұздықпен, көкөніс немесе балғын көк шөптермен безендіре отырып, ұсыныңыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<