Forbes – 2019 : Миллиардерлер көп шоғырланған 10 қала

418

0

Forbes журналы 2019 жылғы әлемдегі ең бай адамдар санын 2153 деп жариялағанын жазған едік.  Солардың 551-і әлемдегі 1860 қаладан тек, 10-ында ғана тұрады деп хабарлайды Forbes. 
Бұл қалаларда тұратын миллиардерлердің жалпы байлығы – 2,3 триллион доллар. Дүние жүзінде тек жеті мемлекеттің ЖІӨ ғана мұндай суммаға жете алады.  Ең көп байлар тұратын қалалар рейтингісінің көшін әдеттегідей Нью-Йорк бастап тұр. Аталған қалада 84 миллардер тұрады. Олардың жалпы байлығы 496,7 миллиард доллар болып, бұл Австрия сынды мемлекеттердің ЖІӨ-інен де көп. Соңғы бес жыл ішіндегі әлемдегі ең ірі екі биржасы бар қала, 2015 жылы Мәскеуді қаладағы миллардерлер саны бойынша артта қалдырғалы бері көш тізгінін бермей келеді. Ал Мәскеу 2016 жылдан бері 71 миллиардерімен рейтингтің үштігін қорытындылап келе жатыр. Екінші орында Гонконг қаласы (79 миллиардер).
Еске сала кетейік, миллиардерлер саны Азия аймағында, әсіресе Қытайда қатты қысқарғанын, ал керісінше бизнес әлемінде пайда көріп, байлардың қатарына қосылғандар жағынан АҚШ пен Бразилия кәсіпкерлері алда екндігі туралы жазған едік.

Дереккөз: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<