Футбол тарихындағы ең қызықты 10 оқиға

770

0

Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Миллиондаған жанкүйерлер көз тігетін ойын жасыл алаңдағы нағыз бір сиқыр іспетті. Ал ең үздік футболшылар – әлемдегі ең атақты тұлғалар саналады. 10 желтоқсан – дүниежүзілік футбол күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілеген бұл күн ресми болмаса да, жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Дәл осы күні әлемде футболға қатысты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Нағыз жанкүйерлер командасымен бірге мерекені тойлауға асығады. Ал біз бүгін футбол тарихындағы қызықты оқиғалар жайлы жазғанды жөн көрдік.

Алаңда адасып кеткен қақпашы 

Ұлыбритания елін «Альбион» деп те атайды.  Бұл елдің көне тұрғындары кельттердің тілінде «альбион» – «биік, таулы арал» дегенді білдіреді екен. Бұған қоса бұл атау аралдың борлы қайраңдарына қатысты латын тіліндегі «альбус»-«ақ» деген сөзінен де шығуы мүмкін. Ал «Тұманды Альбион» деген тіркесті талай естіген де боларсыздар. Бұл тіркес тура мағынасында айтылған. Себебі Ұлыбританияда ауа райы көбіне тұманды болып келеді. Тұманның футболға не қатысы бар деп ойлап қалмаңыздар. Өйткені ауа райы футболға да тікелей әсерін тигізеді. Анығын айтсақ, қызықты оқиғалар желісін тұмандағы футболдан бастағалы отырмыз. «Чарльтон Атлетик» клубының әйгілі қақпашысы Сэм Бартрэм өзінің автобиографиясында ерекше оқиға жайлы жазады. 1956 жылы Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында ол алаң иелері «Челсиге» қарсы ойынға шығады. Ал ойын басталар сәтте алаңды қою тұман басып тұрған.
 – Бастапқыда тұман «Челси» қақпасы жағында қалың болды. Біртіндеп мен тұрған жақты да баса бастады. Бастапқыда алаң иелері қақпашысы Вик Вудлиді көрген жоқпын. Төреші ойынды тоқтатты. Тұман сәл сейілгеннен кейін ойын жалғасты. Кездесуде басымдық біздің команда жақта болды. Шабуылда жүргендіктен өз ойыншыларымның біразын дұрыс көріп тұрмадым. Тіпті бір уақытта бәрі көрінбей кетті. Алаңда тыныштық орнағандай. Біздің команда қарсыластарды өз қақпаларына тықсырып ойнап жатыр екен деп тұра бердім, – деп жазады.
– Біраз уақыттан кейін алаңнан бір адамның сұлбасын аңғардым. Ол маған жақындап келді де, таңғалды. Мен де таңғалдым. Сөйтсем ол тәртіп сақшысы екен. Қарап тұрды да, «мұнда не істеп жүрсің?» демесі бар ма? Аңтарылып қалдым. «Қақпада тұрмын» – дедім. «Ойын 15 минут бұрын бітіп кеткен. Алаңда ешкім жоқ» – деп жауап берді. Киім ауыстыру бөлмесіне беттеген бойда жол-жөнекей ешкімді кезіктірмедім. Тіпті жанкүйерлер де қайтып кетіпті. Ал киім ауыстыру бөлмесіне кіргенімде командаластарым жуынып, киімдерін ауыстырып, қайтуға қамданып та қойыпты, – деп жазады.
Көзі көрмеген комментатор 
Бұл оқиға Сэм Бартрэм жазған қызықтан 16 жыл бұрын болған. Нақты айтсақ, 1940 жылы эдинбургтік (Шотландия) дербиде «Хайберниан» мен «Хартс» командалары кездеседі. Қалың тұманнан ВВС комментаторы Боб Кингсли биіктен алаңдағы ойыншыларды аңғармақ түгіл, не болып жатқанын да көзі көрмейді. Алайда радиотрансляцияны жүргізу міндет болады. Себебі немістер тұман екенін білсе, қаланы бомбалауы мүмкін екен. Нәтижесінде комментаторға ойынды жүргізуге тура келеді. Боб Кингсли ойындағы қауіпті сәттер, ереже бұзғаны мен футболшылардың барлық мүлт кеткен сәттерін ойдан шығарады. Гол болғанын алаңдағы жанкүйерлердің шуына қарап болжайды. Ойында «Хартс» 6:5 есебімен жеңіске жетеді.

Төрешіні алдаған футболшылар 
Ұлыбританияда тұман қалыпты жағдай. Осындай тұманда болған қызықты оқиғалардың бірі тағы да Шотландия чемпионатында болған. Тұман қалың болғаны соншалықты алаңда ойыншылар доптың қайда екенін әрең аңғарған. Төреші болса ойынды тоқтатпаған. Кенет төреші алаңда ойыншылар саны көп екенін аңғарған. Бірден қосалқы құрамдағы футболшылар отыратын маңға келгенде бірде-бір ойыншы жоқ екенін көрген. Тұманда төрешінің көрмегінін пайдаланып, бәрі алаңға шығып кеткен екен…
Толығырақ: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<