Кино мен өмір

630

0

 Кино әлемінің өзіндік құпиясы, әр кадрде «өмір сүретін» актерлардың  өз тағдыры бар.  Бір қарағанда экранда кейіпкердің трагедияға ұшырауын ойын деп қабылдаймыз. Бірақ…

Өмірден 34 жасында өткен, бірнеше әндердің авторы Игорь Тальков «За последней чертой» фильмінде бандалар басшысын сомдады. Картинаның соңында әншінің кейіпкері Гарикті атып кетеді. Осы кадр Ленинградта 1990 жылдың 6 қазанында түсірілсе, тура бір жылдан соң 1991 жылдың 6 қазанында Тальков сахнаға шығар алдында оққа ұшты.  

Кеңес киносының ең танымал актерлерінің бірі  Леонид Быков  саяжайынан қайтып келе жатқанда жол апатына ұшырап қайтыс болды.  Ол «Волга»  автокөлігімен алдындағы қопсытқышты трактордан озамын дегенде, қарсы беттегі жүк көлігімен соқтығысқан. Біраз бұрын «Аты-баты, шли солдаты» атты картинада актердің кейіпкері танктің астына түсіп қаза тапқан еді.

Каратэ чемпионы, кинода мықты әрі епті кейіпкерлерді сомдаған Талғат Нығматуллин «Қасқырдың апаны» фильмінде өз тәлімгерінің қолынан қаза табады. Өмірде де өзі мүшесі болған секта басшысының нұсқауымен қазаға ұшырайды. Оны ақша бопсалауға қарсы болған оны өлімші етіп сабаған. 

«Белое солнце пустыни» фильміндегі Петруха есіңізде ме? Абдулла мықтықтың ұшымен ұрып мерт қылатын еді ғой. Петруханы ойнаған Николай Годовиковті коммуналдық пәтердегі көршісі шыны сынығымен жаралап, бір өлімнен қалған.

   Атақты  актер Асанәлі Әшімов «Шоқан Уәлиханов» фильміне баласы Сағиды түсіруге дайындағанда анасы Тәжіхан: «Сағиды неге бұл рөлде ойнатасың? Әлдеқашан сүйегі қурап қалған әруаққа тимесеңдерші, жаман ырым ғой» деп шыр-пыр болыпты. Шоқан Уәлиханов 30, оның экрандағы бейнесін сомдаған Сағи Әшімов  38 жыл ғұмыр кешкен.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<