Күніне неше литр су ішу керек – ВВС

699

0

Күніне неше литр су ішу керек - ВВС Мамандар шаршағанда немесе тері құрғағанда дәрінің орнына су ішуге кеңес береді. ВВС басылымының жазуынша, 19 ғасырда тіпті гидропатия, яғни сумен емдеу ғылымының негізі қаланыпты. Дегенмен, бүгінгі таңда біреулер күніне екі литр су ішу керек десе, бірі шөл қысқанда ғана су ішу керектігін айтып жатыр. Басылым осы мәселені жан жақты талдап жазады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күн сайын су ішу денсаулықтың жақсы болуына әсер етеді, энергия артып, тері жақсарады. Артық салмақ кетіп, обыр дертінің алдын алады. Міне, айналамызда осындай ақпарат көбейіп кетті. Сонымен қатар «8×8» ережесі пайда болды. Яғни, күніне 8 стакан су ішу керектігі айтылып жатыр», дейді автор. Оның айтуынша, бұл ереженің еш ғылыми негізі жоқ.

«1945 жылы АҚШ Ұлттық зерттеу кеңесі әр калорияға бір миллилитр су ішу керектігін айтқан. Яғни, 2000 калория тамақ ішіп диатеда отырған әйелдер екі литр су ішулері керек деген сөз. Қазіргі ереже осы жағдайдың қате түсіндіруінен туған болуы мүмкін», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, 1974 жылы шыққан диетологтардың кітабында да күніне алты – сегіз стакан су ішуге кеңес берілген. Дегенмен, бұл кітапта су жеміс-жидек немесе кофе құрамында болса да есепке алынған.

«Мамандардың көбі судың мөлшеріне қатысты алаңдамау керектігін айтып келеді. Ағзаға су қажет кезде ол белгі береді.  Суды өте көп ішу тек артық салмақтан арылуға көмектеседі», дейді автор.  

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<