Маман болжам жасады: қазақстандықтарды 2022 жылы не күтіп тұр?

2150

0

Барыс жылы тұрғын үй арзандай ма, әлде қымбаттай ма? Халық пандемиямен байланысты карантиндік шектеулерден қашан құтылады? Астролог 2022 жылға болжам жасады.

Астролог Юлия Боргенс келіп жеткен Барыс жылына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Карантиндік шектеулер

Маманның болжамынша, коронавирус індетімен байланысты карантиндік шектеулер әлі бір жыл сақталады. Өйткені вирус ешқайда жоғалып кетпейді. Ел үкіметі халықтан белгілі бір санитарлық ережелер мен талаптарды сақтауды талап етеді.

«2023 жылдың қаңтар айының соңына дейін карантиндік шектеулерден құтылмаймыз. Карантин тек келесі жылдың наурызына қарай жеңілдей бастайды», – деді Боргенс.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2023 жылдың қаңтарына дейін халықтың билікке деген қарсылығы, елде қабылданған заңдар мен талаптарға наразылығы ара-тұра көрініс береді.

Баспана, теңге, азық-түлік

Боргенс қаңтар айынан бастап кармалық түйіндер Торпақ-Сарышаян белгісіне өтетінін атап өтті. Ал бұл ақша, валюта, жылжымайтын мүлік нарығына ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 қаңтардан бастап не өзгереді

«Яғни, осылармен байланысты дүниелердің бағасы өседі. Тұрғын үй бағасы шарықтайды, валюта құнсызданады деген болжам бар. Жалпы 2022 жылы жылжымайтын мүлік саласында баспана арзандайды деп үміттену – бекершілік. Баға жүз пайыз төмендемейді. Керісінше, бәрі қымбаттайды. Өкінішке қарай, азық-түлік бағасы да түспейді», – деп бөлісті болжамын астролог.

Барыс жылы кімдердің жолы болады

2022 жылы бес шоқжұлдыз өкіліне сәттілік серігі болады. Олар: Шаян, Сарышаян, Торпақ, Тауешкі мен Балықтар. Ең бастысы, мүмкіндікті қолдан жіберіп алмау, деп ескертті Боргенс.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<