
Халық арасында «lo rat penat» (жарқанат) аңызы бар. Аңыз король Хайме І атымен тікелей байланысты. Хайме І 1238 жылы Валенсияны маврлардан азат еткен, бұл күресте жарқанат көтерілісшілерге көмекке келген екен. Король қалада жарқанаттар жүрген уақытта ашық соғыс жасай алмайтынын түсініп, әскерін тау бөктеріне жайғастыра тұрады. Мұны байқап қалған маврлар, жаудың ұйқыға кеткен сәтін күтіп, түн ішінде шабуыл жасап талқандауға бел байлайды. Бірақ олардың жоспары жүзеге аспады, маврлар тұтқиылдан келген сәтте дабыл дыбысы бүкіл әскерді аяққа тұрғызып, шайқас басталып кетеді. Хайме І әскері жау бетін қайтарып тастайды. Бұл маврларды әлсіреткен өте маңызды шайқас еді. Соңында король дабыл қағып бүкіл әскерді оятқан сарбазды марапаттамақ болады, сөйтсе дабыл соққан жарқанат екен. Осыдан бастап жарқанатты валенсиялықтар кие тұтып, тотеміне айналдырған. Содан бері жарқанат қаланың айнымас бөлігіне айналды.
Оның суретін ресми елтаңбадан бөлек, ғимараттар қабырғасынан, кәріз люктарынан, метро картасынан, сувенирден көруге болады.
Тіпті қаланың екі футбол клубы «Валенсия» мен «Леванте» эмблемаларына жарқанат бейнесін салып қойған.
Дереккөз: massaget.kz