Өзгермейтін пейіл

867

1

Бір кедей етікші өмір сүріпті, жұмысына адал, қайырымды, намазын қаза қылмайтын момын екен.


Бір күні бейсенбіде қатты аурып қалып,
уайымға батыпты.

» Ертең болса жұма, ал менің жүруім қиын, енді қалай болады? Алланың үйі мешітте Аллаға мінәжәт ете алмайтын болдым ау » деп уайымға батыпты, әбден ой қажаған, ұйқыға кеткенін сезбей қалсада керек.

Түс көріпті.


Түсінде ақ сақалды, ақ киімді қария кіріп » Сенің уайымың Аллаға жетті, уайымды азайт, сен мешітке бара алмасаң, мешіт саған келер, ниетің қабыл болсын, ертең үйіңе киелі де сыйлы кісі барар, қабыл болғанын содан білесің » деген екен.

Содан таңертең, өң мен түстің арасында оянып, «Сыйлы адам келер болса ұят болар, үйімді тазалайын, өзімді ретке келтірейін»деп сүйретіле жүріп, үйін тап тұйнақтай етіп жинап, қонағын күтіп отырған екен.

Терезеден қарап отырса, бір жеткіншек бала жылап, ағаш түбінде отыр екен,
етікші баладан» Неге жылайсың? кім тиді саған балам» деп басынан сыйпаса
Бала А»яқ киімім жыртылып киюге жарамай қалды, жаңасын алуға ақшамыз жоқ, кедей тұрамыз» деп өксіпті.

» Саспа балам, жүр аяқ киіміңді көрейін» деп үйге кіргізіп, аяғындағысын жаңадан артық қылып тігіп берген екен. Жүзі жанған бала алғысын жаудырып жүгіре жөнеліпті.

Сонымен әне келер міне келермен, түс қайтыпты. Етікші » Сыйлы адамым қашан келер» деуменен терезеге қарап отырса, тағы бір жұпынылау киінген әйел келіп «Сізден ұят болды, етігімді жөндеуге беріп едім, енді ақысын беріп алуға, ақшам болмай ұялып жүрмін, ал күн болса суытып кетті, аяғымда тоңып жүр» деп мұңайған екен.

Етікші » Еее қарағым, меніңде сенен асып тұрған ештеңем жоқ, бірақ бір-бірімізге қарасып өмір сүрмесек, түсінісе білмесек, несіне адам болып жүрміз, міне етігің игілігіңе ки, қол ақың керек емес» деп етігін қолына ұстатыпты.

Алғысын жаудырып ол кетіпті. Сыйлы адамы әлі жоқ, сонымен ымырт үйіріліп, қас қарайған. Етікші» Еее Алла тағала мені ықыласына сай деп есептемеген ау шамасы, келер деген адамын жібермесе, қайтейін енді бұйырмаған шығар, маған сыйлы адамды қонақ ету» деп түн жарымына дейін уайымдап отырса есік қағылыпты, жылдам барып есікті ашса
үсті басы алба жұлба бір диуана тұр екен » Аға бір түнеп шығайыншы, дала суық, сізден басқа үйлердің шамы сөнік, сосын сіздің есікті қақтым, айып етпеңіз» деп қиылып тұр екен.

«Кел Құдайы қонақсың», деп азын аулақ асын беріп, қонағына зз орнына төсек салып, өзі одан төмендеу жата кеткен екен.
Түс көріпті.

Түсінде сол баяғы ақсақал» Үйіңе үш рет бардым, ықыласың мен ілтипатың өзгермеді, үйіме сыйлы қонақ келетін еді деп бәлденбедің, Адам жасаған жақсылығын міндет қылмай, оны жария қылмай, сен сияқты момын болып, көкірегін кермей өмір сүрсе, Алла разы болып тілегін қабыл етеді. Мен сені қолдап жүрер Қыдыр атаң едім, қабыл болды дұға тілектерің» деп ғайып бопты. Оянып кетсе, қасындағы қонағы да жоқ екен…

Фейсбук желісіндегі «Онлайн Қазақстан» парақшасынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<