Жібек орамал

3830

0

Бір кісінің тоғыз ұлы, бір қызы бар екен. Ол кісі менің ұрпағымды жалғастырушы деп тоғыз ұлын қатты жақсы көріпті.

Кейін біршама жылдар өтіп, әлгі кісі қартайып мәңгілік сапарға аттаныпты. Сонда о дүние де оның сауабы мен күнәсі таразы ға түскенде, күнәсі басып түскен екен.

Сосын Алла Тағала оған : «Балаларың таразының сауап жағына бір зат қойса сауабы көбейеді, жұмаққа жіберем» – депті.

Кісі тоғыз ұлымның біреуі болмаса біреуі келер деп артына үмітпен қарап тұрса, қызы жүгіріп келе жатыр екен, қолында жібек орамалы бар.

Бұл орамал не салмақ тартар дейсің, тозаққа баратын болдым деп кісі қынжылыпты. Сонда қыз таразының сауап жағына жібек орамалын салғанда, сол жағы басып кеткен екен.

Сонда Алла Тағала ол кісіге : «Сені құтқарған жібек орамал емес, қызыңның саған деген махаббаты» – деп жұмаққа жіберіпті.

Өмірден өткеннен кейін артымыздан сауап жолдап, дұға жасайтын ізгі, салиқалы, иманды ұрпақтарымыз көп болсын.

Онлайн Қазақстан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<