
Байқаудың мақсатына сай мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, көркем әдебиетті кеңінен насихаттауға көңіл бөлінді. Тақырып бойынша қалам тербеген әдебиет өкілдері Т.Жүргеновтің сол дәуірдегі саяси тұлғасын сомдап, оның оқу-ағарту және мәдениет саласына сіңірген орасан зор еңбегін шығармашылық туындылары арқылы баяндады.
Сол бір солақай саясат салдарынан жазықсыз жаза тартқан Алаш қайраткерінің асыл арманы бүгінгі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен үндесіп жатыр. Сондықтан жаңа туындылардан оның ұлт мұрасын қорғаудағы көсемдік келбеті көрініс тапты.
Байқауға 14 ақыннан 23 өлең, 8 жазушыдан 9 прозалық шығарма түскен болса, қазылардың саралауымен үздік туындылар анықталып, қаржылай жүлделер табысталды.
Айталық, ақындар мүшәйрасы бойынша байқаудың бас жүлдесі – 300 мың теңгені Қажи Серікжан қанжығасына байласа, жерлесіміз Толыбай Абылаев І орынның 200 мың теңге жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, прозаиктер байқауында бас жүлде «Темірше» әңгімесінің авторы, жазушы А.Кемелбайға бұйырса, І орынды «Темірбекті атқан жендет» әңгімесі үшін Е.Айғалиұлы еншіледі.
Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы».
«Сыр бойы».
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<