15 сәуір – «қазақ» атауын қайтарған күн

863

0

1925 жылы Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласында Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің V съезі өтті. 15-19 сәуір аарлығында өткен съезде Ахмет Байтұрсынұлының халыққа өзінің тарихи «қазақ» атын қайтару жөніндегі ұсынысы қаралып, қолдау тапты.

«Қырғыз басқа, қазақ басқа екенін қазақ баласы тегіс білсе де бұл күнге шейін ештеңе демей, тымақтары салпиып келеді. Оны өткен замандардың ағымдары көтерсе де, қазіргі күнде ұлт атын жасыруды, ұлт тарихы ондай жаңсақтықты көтермейді», – деп сөйлеген екен Ахмет Байтұрсынұлы.

Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұлт алдындағы тағы бір ұлы еңбегі қазақты қайтадан қазақ атандырып бергені болды.

«ҚазАқпарат»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<