Тоғызқұмалақ тақтасы

474

0

Тоғызқұмалақ ойынына арналған ағаш тақта Тереңөзек ауданы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының төрағасы Насреддин Тілеубаевтың тапсырысымен 1990 жылдары жасалған. Жасаған жергілікті қолөнер шебері Исламхан Көшенов.

Аудан спортшылары дайындалып, көптеген жарысқа қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Олардың қатарында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Айнұр Жақапбаева, тоғызқұмалақтан ауданның алғашқы спорт шебері Кенбай Қарашаев және тағы басқалар бар.

Осы тақта арқылы Елеусіновтер отбасы тоғызқұмалақ ойынын үйренген. Құмалақ орнына бұршақ дәндерін пайдаланған. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, тоғызқұмалақтан Әлемнің үш дүркін чемпионы Хакімжан Елеусінов ойынмен осы тақта арқылы танысқанын есіне алады. Бұл ағаш тақтада үйренген шеберлер талай жетістікке жетті. Қазір оны Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрме залынан көпшілік көріп тамашалауға болады.

 Ә.ШӨЖЕЕВ,

Сырдария аудандық тарихи-өлкетану  музейінің ғылыми қызметкері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<