СҰЛУЛЫҚ ҚАНША ТҰРАДЫ?

1063

0

«Қыздарға әсемдік жарасады» демей ме… Келістікескін, әдеміпішін, сұңғақ бой, қолаң шаш, тізе берсең көп. Алайда, қазір бетіне make up жасататындардың емес, make up жасайтын шеберлердің тасы өрге домалап тұр. Жоғары оқу орнын үздік бітірсе де, жұмыс таппай, осы салаға бет бұрып кетіп жатқандар бар. 

Бүгінгінің сәніне айналған«MAKE UP» қисық мұрынды түзетіп, сығыр көзді ботакөз ететін құдіретке ие. Бағасы да аса қымбат емес. Бірақ,make up-ты бет әлпетіне көңілі толмайтындар ғана емес, үнемі әдемі болып жүруді ұнататын қыз-келіншектер жасайды.Алайда, майда-шүйде болып көрінгенімен бұл әке-шешесінің қолына қарап отырған студенттер үшін қалтаға ауырлық етпей ме? Есептеп көрейік: Осы жерде «Сұлулық құрбандықты талап етеді» қағидасы еске түседі. Ең бастысы бет теріңіздің тегіс, әдемі болуы. Олай болмаған жағдайда түрлі процедуралар көмек көрсетуге дайын. 

Бетті тазарту, лифтинг, пилинг, мезотерапия сынды процедуралар 3 мыңнан 150 мыңға дейін барады.Қас та біз үшін маңызды.Табиғат қарлығаштың қанатындай қиылған қас сыйға тартпады деп уайымдамасақ  да болады. Боянудан шаршап,асыққанда үлгермеймін дейтін арулар үшін татуаж таптырмайтын амал. Кез келген форма, кез келген қалыңдық өз еркіңізде. Қазір татуаждың түрлері көп: 3d, 6d, перманентті татуаж және тағы басқа. Бағасы – 10 мың теңгеден басталады. Бір жарым жылға дейін суда да, үйде де сұлу қасыңыз сақталады.

Салтанат Нұрғали, қала тұрғыны:

“Мен қасыма татуаж жасатқаныма 1 жылдай уақыт болды. Тек бір рет түзетуге бардым. Содан бері қас бояп уақыт кетірмеймін. Татуаж жасатуымның негізгі себебі – менің қасымның түсі көрінбейтін. Сондықтан жасатуым керек болды. Зиян деп айтушылар да болды,әрине, бірақ әдемі болып жүрген жақсы емес пе?”

Жасанды кірпікке келер болсақ, сақталатын мерзіміне қарай оның да түрлері көп. Әдемі көзқарас пен көзін үлкен етіп көрсету үшін жабыстырылатын кірпіктің желімі зиян екенін де айта кеткеніміз жөн. Бағасы – 1500 теңгеден 10 мыңға дейін.Шаштың түсін өзгерту де арзан емес. Мысалы, қара түсті шашыңызды қоңырқай түске бояғыңыз келсе, ең кем дегенде 5 мың теңге жұмсайсыз. Ал, үлгісін өзгертіп, шаш қостырамын десеңіз, қалтаңыздан 40-50 мың теңгені суырып бересіз.

Ерініне көңілі толмаған арулар дәрінің көмегімен немесе ота арқылы еріндерін үлкейтіп жатады.

Ал, дермакосметологтардың айтуынша: Ерін үлкейту процедурасы ерінге филлер құю арқылы жүзеге асады. Оны көбінде 20-35 жас аралығындағы қыз-келіншектер жасатады. Бұл процедураның бағасы көлеміне қарай  40 мың теңгеден басталады. Мерзімі алты айдан бір жылға дейін сақталады.

Кейінгі уақытта кірпіктің жиегін қарайту, еріннің түсін қызарту татуажы шықты. Жанын қинап жасататын бұл процедураның бағасы – 5 мыңнан жоғары.

Егер бұлардың бәрі уақытша десеңіз,пластикалық хирургия қызметіңізге әзір. Бүгінде пластикалық операцияның пайдасы мен зияны жайында аз әңгіме айтылып жүрген жоқ.Үлкейтілген еріндер уақыт өте қауіпті ісік тудырып, сезу қабілетін жоғалтуы мүмкін. Қабақты шығарып, көзді тарттырып, кеудені көтеріп, тістеріңізді жаңартып сұлулығыңызды арттыру үшін жасалатын мұндай отаны бір жасатқан адам екінші рет міндетті түрде жасатады. Өйткені, солай етуге мәжбүр. Денеңізге салынған силиконның жарамдылық мерзімі барын ұмытпағайсыз.Бұл күнде сұлу болып жаралмағаныңыз үшін жаратқанға налымайсыз. Себебі айналаңызда қаптаған сұлулық салоны. Ол сұлулық тұрғысынан барлық қызмет түрін көрсетеді. Қысқасы, қалаған кейпіңізге ене аласыз. Тек табиғаттың берген сыйын жойып жібермесеңіз болғаны.

 Жансая ҚЫДЫРБАЙ,

                                      Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<