11 қараша – энергия үнемдеу күні

452

0

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл облыстың энергия тиімділігін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы бекітіліп, 4 жобаға қаржы бөлінді.

Нәтижесінде, көше жарықтары шамдарын ауыстыруға және энергия үнемдегіш шамдар орнатуға қаржы қарастырылды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Болатбек Ысмағұлов хабарлады.


-«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаңақорған кентіндегі электр желілерін жаңғырту жобасы қолға алында. Осыған сәйкес, 165,4 шақырымға жуық электр желісінің құрылысы жүргізіліп, 1 дана тарату пункті және 55 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылды. Сонымен қатар, Сырдария ауданына қарасты елді мекендер, Шиелі кенті, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келер жылы «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 7 ауданға арнайы қаржы бөлініп, тұрғын үй секторларының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын жүргізу жоспарлануда, – деді басқарма басшысы Болатбек Ысмағұлов.


Брифинг барысында «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ-ның басқарма төрағасы Батыржан Қаракөзов жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.


-Мемлекет басшысы жыл сайын энергия үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға баса назар аудару керектігін айтқан болатын. Осыған сәйкес, біздің мекеме алдағы 6 жылда орындалатын іс-шаралар жоспарын сапалы орындауда. Соның бірі – облыстағы электр желілерінің тозу деңгейі 66 пайызға, ал апаттық ағытулар 30 пайызға төмендеді, – деді Батыржан Көмекбайұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<