Жоғары білім беру ұйымдарының қызметін бағалау талаптарына қатысты семинар өтті

844

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жоғары білім беру ұйымдарының қызметін бағалау тәртібіне енгізілген жаңа ережелер мен өзгерістерге сәйкес «Таза парақтан реттеу саясаты туралы» семинар-кеңес өтті. Семинарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Артур Еділханов жүргізді.

Жиында білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары (КВТ) және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі таныстырып, негізгі өзгерістер талқыланды. Семинарға университеттің барлық әкімшілік басқару қызметкерлері, құрылымдық басшылар, институт директорлары мен кафедра меңгерушілері қатысты.

Университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы аталған өзгерістердің білім сапасын арттырудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

Жиында Артур  Жауханұлы  мемлекет тарапынан жүргізілетін мемлекетті бақылау шараларын жоспарлау ерекшеліктеріне, білім беру қызметінің сапасын сырттай бағалау әдістеріне және мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру мәселесіне тоқталды.

Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру талаптарына, шетелдік ғалымдарды оқу үдерісіне тарту мәселесіне, ғылыми жобалардың гранттық негізде қаржыландырылуына, докторанттардың диссертациялық жұмыстарын уақытылы қорғауына, білім беру бағдарламаларының нарық сұранысына сәйкес болуы сынды көптеген маңызды тармақтарға жеке тоқталды. Жоғары оқу орындары ғылыми-инновациялық жұмыстарға басымдық беруі керектігі де өтап өтілді.

Университеттің академиялық қызметкерлері, кафедра меңгерушілері профилактикалық бақылау мен тексеру шараларына қатысты сұрақтарын қойып, көкейдегі толғандырып жүрген ойларына тұшымды жауаптар алды.

Семинар соңында министрліктің де, жоғары оқу орындарының да ортақ мүддесі  бұл – сапалы білім беруге қол жеткізу екендігі айтылып, ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін осы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы қажет екендігі айтылды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

 медиа орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<