139 балл еншіледі

278

0

Кеше сырдариялық 204 оқушы Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» мектебінің базасында орналасқан тестілеу орталығында ҰБТ тапсырған болатын.
Сүйінші, ағайын! Білім бәсекесінде бағы жанған бесарықтық, №147 мектеп түлегі Өтеген Ақерке Мұратқызы ең жоғарғы нәтиже 139 балл еншіледі. Бұл көрсеткіш аудан бойынша үлкен, толағай табысты жетістік екенін айта кеткеніміз жөн.
Ол «Үздік аттестат» иегері. Аудан мерейін асқақтатқан түлек жаратылыстану бағыты бойынша биология-химия пәндерін таңдаған. Барлық сұрақтың біреуінен ғана мүлт кеткен Ақеркенің болашағынан зор үміт күтеміз. Бағың жана берсін, «Жас түлек» дегіміз келеді!
Балтабай ОРДАБЕКОВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<