Шижағада жаңа медициналық амбулаторияның іргетасы қаланды

771

0

Арал ауданы Октябрь ауылдық округіне қарасты Шижаға елді мекенінде жаңа медициналық амбулаторияның іргетасы қаланды. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құрылыс басында болып, нысанның алғашқы кірпішін қалады. Ауыл тұрғындарының қуанышымен ортақтасқан аудан басшысы жауапты мамандарға құрылыстың сапалы жүргізілуі мен уақытылы аяқталуын тапсырды.


Аталған нысанның құрылысы мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жүргізіледі. Құрылыс жұмыстарын өткізілген конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған мердігер «Алемстрой-1» ЖШС жүргізуде.


Қазіргі таңда құрылыс алаңында барлық қажетті техникалар мен материалдар жеткізілген. Ғимарат құрылысы шілде айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<