71 жастағы қария өртенген үйдің ішінде қалып кетті

276

0

1951 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны өртенген үйдің ішінде қалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 25 шілде күні түнгі сағат 00:15-те шамасында болған. Абай ауданындағы Шаумяна көшесі бойында орналасқан жалпы көлемі 81 шаршы метр үйдің шатыры толығымен жанып кеткен.

Сондай-ақ, көлемі 36 шаршы метр болатын екі бөлме мен үй заттары отқа оранған. Оқиға орнында Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 3 техникасы, апаттар медицинасы бригадасы жұмылдырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<