Әлеуметтік сән орталығы ашылды

698

0

Кеше Ғани Мұратбаев көшесінде Әлеуметтік сән орталығы ашылды. Бұл сән салоны жалғызбасты аналар, ерекше жандар мен жетім балаларға тегін қызмет көрсетеді. Ал көпбалалы аналарға жеңілдікпен қызмет жасайды.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов Рамазан айындағы игі бастамаға сәттілік тілеп, сән салонына сый-сияпатын жасады.

Айта кету керек жеке кәсіпкер Айдын Сәбитқызы басқаратын орталықта кәсіби білікті мамандар жиналған. Онда массаж, шаш сәндеу, тырнақ әрлеу кабинеттері бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<