«Әншейінде күндер зулап өтіп жатыр»: Гүлзира Айдарбекова Қайратты айтып, жылап қалды (видео)

600

0

Фото: inbusiness.kz

Ұшақтағы төбелесі үшін 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлына сағыныш жазбасын арнады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол күнде сағат санап, ұлын күтіп жүргенін алға тартты.

«Әшейінде «күндер зулап өтіп бара жатыр» деп ренжуші едім… Кім ойлаған таңым да атпай, кешім де батпай, тоқтап қалғандай боларын. Әр сағат пен өткен күнді санап басым қатты. Алла күш қуат берсін! Толассыз ағылып жатқан хаттарыңыз үшін аналық жүрегіммен алғысымды айтамын! Сынақ қой, ештеңе етпес, сіздер де жігерлі болыңыздар! Кімнің басынан не өтпейді, иә, бұлт артынан күн шығатынын ұмытпайық! Бес саусақ бірдей емес, бір ананың баласы мүгедек, бірі баласынан айырылып жатыр, бірі перзент сүйе алмай жүр, соның бәрін Алла тәубесіне келсін деп көзіңе көрсетіп қояды екен. Иә, тәубе, ең бастысы балам аман! Ана атаулы өз баласын қатты жақсы көрсе, ал ұлың сүйген жарын қатты жақсы көрсе, Алла сонысымен қатты сынайды екен. Көз жастарыңыз тек қуаныштан болсын!», – деді ол.

Сондай-ақ, ол кезінде Бибігүл Төлегенованың Қайрат туралы айтқанына тоқталып, Қайраттың айтқандарын есіне алды.

«Ана» әнінде ютубтан толық нұсқасын байқасаңыздар, сахнадағы экраннан Бибігүл анамыздың суреті шығады. Тура сол кезде апамыз «Қайрат – жер» деп біраз сағын сындырып еді. Ұлым: «Қоя беріңіздерші, қарттық қой ештеңе етпес, Бибігүл анамызды да қосыңыздар, ол кісіге де арнаймын» деді. Сол кезде ұлымның жүрегінің кеңдігіне менімен бірге көмекшілеріміз де таңғалып, көзіне жас алып еді. Адамдар соңғы кезде кекшіл, өсекшіл болып барады, ел болып түзелеміз ба десек күннен күнге лаулаған оттай өршіп барады. Бір қазақпыз, қанымыз да жанымыз да қазақпыз, неге ойланбасқа, ұрпағымыз бір қазақ емес пе?», – деп жазды продюсер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<