Аймақтың 85 жылдығы аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылуда

376

0

Сурет: Облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл қасиетті Қызылорда облысына – 85 жыл. Сыр халқы үшін айтулы мереке аясында бүгінде түрлі іс-шаралар кең көлемде ұйымдастырылуда. Мерейтой барысын Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов баяндап берді.

Биыл басқарманың тікелей ықпалымен «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 34 жыл толуына орай еске алу шаралары, үлгілі отбасыларды дәріптеу мақсатындағы дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсының қорытынды шараларының ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Сондай-ақ, облыстың қалыптасуы мен дамуы жолында еселі еңбек еткен тұлғаларды еске алу шаралары өткізілді.

– Облыстың 85 жылдығымен орайластырып , аймақтың дамуында өзіндік қолтаңбалары бар мемлекет және қоғам қайраткерлері Қ.Қазантаев, И.Әбдікәрімов және Т.Есетовтің 100 жылдығына орай аудандар мен облыс орталығында еске алу, ұлықтау шаралары, сондай-ақ олардың өмірі мен қызметіне арналған ғылыми-танымдық конференциялар өткізілді. Мерейлі мереке аясындағы жүйелі жұмыстар жүргізілуде, – деді басқарма басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы.

Айта кетейік, 17 қарашада Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың есімін ұлықтау мақсатында «Мұстафа Шоқайдың мемлекетшілдік мұраты: тарихи тағылым мен сабақтастық» халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясын өткізу жоспарлануда.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<