Қала әкімі Н.Нәлібаевтың кезекті қоғамдық қабылдауы өтті

219

0

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, қала әкімдігі жанындағы «Құқық қорғау қызметтері орталығында» қоғамдық қабылдауын өткізді.
Күнделікті жеке қабылдаулардан бөлек әр айдың соңғы бейсенбісінде өтетін қабылдауда бүгін 200-ден астам азаматтың мұң-мұқтажы тыңдалып, тиісті шаралар қабылданды.
Нұрлыбек Машбекұлы, әр мәселемен жеке тыңдап, танысып, сала басшыларына тапсырып, жіті өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
Тұрғындарды алаңдатып жүрген мәселелердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жер, ден¬сау¬лық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру сияқты ауқымды сұрақтарды қамтыды.
Сонымен қатар, қала әкімінің қабылдауында болып мәселесі шешіліп, алғысын білдіру үшін бүгінгі қабылдауға арнайы келген азаматтарда бар.
Соның бірі, қаламыздың жас тұрғыны, жас жазушы, дарынды өрен – Алтынай Берік.
Сырбойылық жас қаламгер Алтынай «ертегілер жинағы» кітабының жарық көруіне үлкен қолдау көрсеткен қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлына алғысын айтып, кітабын сыйға тарту үшін арнайы келген.
Бүгінгі қабылдау барысында, тұрғындар тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлер толық зерделеніп, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Көтерілген барлық мәселе қала әкімінің тікелей бақылауында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<