Алматыда пластикалық хирургия клиникасында танымал блогер көз жұмды

6

0

Фото: Сәуле Ермаханова/instagram

Алматыда пластикалық хирургия жасайтын клиникада әйел мерт болды. БАҚ пен әлеуметтік желілерде танымал кәсіпкер әрі блогер Сәуле Ермаханованың Smart Beauty Clinic клиникасында жан тапсырғаны айтылған. Алматы қаласының полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

— 15 мамыр күні Алматы қаласының 53 жастағы тұрғыны жекеменшік клиникалардың бірінде көз жұмды. Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлады департаменттен.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицияның баспасөз қызметі оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті. Сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайтынын еске салды.