«Анамды ұрып, бәрімізді қыратын». Дариға Бадықова балалық шағын еске алды (видео)

435

0

Фото: "Біздің подкаст"

Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова «Біздің подкастқа» берген сұхбатында әкесінің ішімдік ішетін кезін еске алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса ішімдік ішіп, әйелін ұрып, балаларының берекесін алатын ер адамдарды көргенін айтты.

«Біздің замандағы балалардың әкенің бәрі ішті. Менің әкем де ішетін. Әйел де ішеді, ер адам да ішеді, ішкілікке салынған кезде бәрі ыдырайды, әрбір нәрсе берекесіздікке кетеді, ішкен тамақтың дәмі құриды. Әкемнің ішкілігінен зәру көрдім дегенде, мен енді әкем ішіп келіп, анамды келіп ұрып, бәрімізді ұйқыдан оятып алып, қыратын кезі болмаған енді. Әкем ішсе де момыш ішкіш болды. Ал ағайын-туыс, көршілерден көргенім де бар. Күйеуі ішіп келсе, әйелін ұрып, балаларының берекесін кетіріп жататын. Менің әкем ондай болған жоқ, бірақ ішті», – деді актриса.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<