Апта ағымында

439

0

Фото: Аманат партиясы

«Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымы кеңейді

Өткен жылы «АМАNАТ» партиясы азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қарызсыз қоғам» жобасын бастаған болатын. Осы уақыт аралығында 65 мыңнан астам адам қаржылық сауатты жетілдіру курстарынан өтті.

Жоба биыл да жалғасын тауып, 5 ақпаннан жұмысын бастамақ. Бір ерекшелігі биыл қаржылық сауаттылық негізін мектеп қабырғасынан бастап оқыту да қолға алынуда. Ол үшін Үкіметпен бірлесіп оқушыларға, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралдары әзірленеді. Жобаның ауқымын кеңейту мақсатында еліміздің барлық өңірінде 800 мың адамды, оның ішінде 100 мың студент пен 550 мың оқушыны оқыту жоспарланып отыр.

«Кітап-Amanat»: Ата-аналармен кездесу

Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова «Кітап-AMANAT» орталығында қала мектептеріндегі ата-аналар комитетінің мүшелерімен кездесу өткізіп, балаларды кітап оқуға баулу, ол үшін ең алдымен ата-аналар өздері үлгі болуы қажет екенін айтты.

Сондай-ақ кездесуде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкері Изанелья Ақтай ата-аналарға әлем жазушыларының балаларға арналған кітаптарына қысқаша түсініктеме берді.

Мәселе түбегейлі шешілді

Қызылордада «AMANAT» партиясының аймақтық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне өткен жылы азаматтардан 4 мыңға жуық өтініш түсіп, олардың 72,2 пайызы оң шешілген. Осындай қабылдауларда партияның облыстық мәслихаттағы фракция мүшелері көптеген мәселені шешкен. 

Қызылорда қаласындағы 3 қалалық емхананың кәріз жүйесі 10 жылдан бері жөндеу көрмеген. Соның салдарынан қыстың күндері іші салқын, ыстық су да істен шыққан еді. Бұл қызмет алушыларға ғана емес, ақ халаттылардың жұмысына да кедергі келтірген. Мұны қала тұрғыны, осы емхананың ем алушысы Бақытбек Бекбасаров айтты.

Партия алаңында қабылдау өткізген облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Балжан Шәменова жергілікті бюджеттен 14 млн тг қаржы бөлінуіне ықпал етіп, емхананың жылу, кәріз жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мәселе түбегейлі шешімін тапты.

Төлем талаптары түсіндірілді

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру – «AMANAT» партиясының басты жұмыс бағыттарының бірі. «Құқықтық көмек» жобасы мамыр айынан бері өз қызметін бастап, азаматтарға, әлеуметтік осал топтағы жандарға тегін заңгерлік кеңестер берді. Сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етіп, қорғауға көмек көрсетілуде.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі облыс бойынша департаментімен бірлесіп, өңірдегі ірі компаниялардың 20-ға жуық кадр маманы өкілдерінің қатысуымен бірқатар кодекстер мен заңдарға енгізілген зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын азаматтар үшін арнайы әлеуметтік төлемдер талаптары бойынша түсіндірме жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<