АҚШ-та ұшақ апатынан 11 парашютші мен ұшқыш қаза тапты

5

0

Фото: Видеодан скрин

АҚШ-тың Миссури штатында болған ұшақ апаты салдарынан борттағы 12 адамның барлығы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға жексенбі күні таңертең болған. Жеке ұшақ Батлер мемориал әуежайынан ұшып шығып, әуеде белгісіз себептермен бағытын өзгертіп, Канзас-Сити қаласынан шамамен 65 миль оңтүстікте орналасқан әуе айлағы маңына құлаған.

Апаттан кейін ұшақ бірден өртеніп кеткен. Алайда оқиға орнына жеткен жедел қызмет өкілдері ұшақ құлағаннан кейін көп ұзамай өртті сөндіре алған.

 Қаза тапқан 12 адамның 11-і парашютшілер, ал тағы біреуі – ұшақтың ұшқышы екені белгілі болды. Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқандардың көпшілігі алғаш рет парашютпен секіруге дайындалып жатқан. Олар тандемдік секіруге дайындалған.

Кейбір қаза тапқандардың туыстары сол кезде әуежайда болған және ұшақтың құлау сәтін өз көздерімен көрген.