Ақтауда «Жартасты соқпақ» жолы қайта ашылды

476

0

Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Ақтаудағы «Жартасты соқпақ» жолын жөндеу жұмыстары аяқталып, қайтадан пайдалануға берілді, деп хабарлады Қазақпарат.

Теңіз жағалауындағы аталған жол осыған дейін қалпына келтіру жұмыстарына байланысты уақытша жабылған еді. Демеушілердің көмегімен жартасты соқпақтың 60 метр жолы қауіпсіз аумаққа көшіріліп отыр.

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев қайта қалпына келтірілген «Жартасты соқпақ» жолымен танысқанын мәлімдеді.

«Баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Келген жылымыз берекелі, қуанышқа толы жыл болсын деп тілеймін. Ақпан айында жартастағы соқпақта тас құлап сол үшін аталған жолды уақытша жапқан болатынбыз. Тұрғындардың сүйікті орны тез арада демеуші көмегімен іске қосылды. Демеуші азаматқа рақметімді айтамын», – деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.

Ақпан айының басында Ақтаудағы теңіз жағасындағы жартастың бір бөлігі опырылып түскен еді. Кейін бұған қатысты Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшылығы пікір білдіріп, жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<