Ақтөбеде көлікте тірідей жанып кеткен 8 жолаушының тең жартысы – оқушылар

234

0

Фото: Kazinform

Ақтөбе-Атырау тасжолында болған жол-көлік апаты кезінде 8 жолаушы жанып кетті. Оның тең жартысы оқушы, деп хабарлады Қазақпарат.

Ақтөбе облысында қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жұмысы жүріп жатыр. Полициямен қатар прокурорлар да істі бақылауға алды. Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасы болса, қаза тапқандар арасында 4 бала бар екенін хабарлады.

– Жол апатына ұшыраған азаматтардың, балалардың қазасына көңіл айтамыз, қайғысына ортақпыз. Қаза тапқандардың арасында кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Олар денсаулығына, отбасылық себептерге байланысты жеке сапарға шыққан. Құзырлы орган қызметкерлері тергеу амалдарын жүрізуде, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Айта кетейік, қаза болған төрт баланың екеуі бір отбасынан. Бірі 4-сыныпта, екіншісі 6-сыныпта оқиды. Сонымен бірге тағы бір бала 6-сыныпта білім алса, төртіншісі – даярлық тобының оқушысы. Бәрі де – Ақтөбе облысы Темір ауданы Сарыкөл ауылдық округіне қарасты Шұбарши ауылының тұрғындары. Айта кетейік, олар мінген такси Шұбарши ауылынан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<