Ағымдағы жылдың 14-15 мамыр күндері Қазалы ауданындағы Арал теңізінің құрғаған ұлтанында жүргізіліп жатқан орман мелиорациялық жұмыстарымен танысу мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары М.Елемесов, Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғ.Еркебай, жергілікті атқарушы орган басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған табанына 1,1 млн гектар сексеуіл екпелерін егу туралы тапсырмасы аясында 2021-2025 жылдар аралығында ауқымды жұмыстар жүргізілген болатын. Дәлірек айтқанда, осы жылдар аралығында жалпы ауданы 1117,5 мың гектар жерде орман мелиорациялық жұмыстары жүргізіліп, тапсырма толығымен орындалды. Жүргізілген жұмыстар барысында 3440,9 тонна сексеуіл мен галофитті өсімдіктердің тұқымы себіліп, 53,2 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылды.
Ал 2026 жылы орман мелиорациялық жұмыстары 116 мың гектар алқапта атқарылды.






