Аралдық оқушы шахматтан әлем біріншілігіне жолдама алды

364

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жақында Түркістан қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында шахматтан ҚР чемпионаты өткен болатын.

Атылмыш сайыста Арал ауданының намысын қорғаған Ж.Әбдірашов атындағы №62 мектеп-лицейінің оқушысы Ақылжан Мейірханұлы шаршы тақтаның «классика» түрінен І орын алса, «Рапид» түрінен жүлделі ІІ орынға ие болды.

Осы уақытқа дейінгі байрақты бәсекелерде топ жарып, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген Ақылжан Мейірханұлы Бразилияда өтетін балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<