Конституция

Астана күні Қызылорда облысында 14 сәби дүниеге келді

10

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

6 шілде – Астана күні мерекесінде Қызылорда облысында 14 сәби дүниеге келді.

Мереке күні өмірге келген нәрестелердің 11-і – ұл бала, ал 3-еуі – қыз бала.

Жаңа туған сәбилер мен олардың ата-аналары үшін бұл күн ерекше қуанышқа айналды. Аймақтың ақ халатты абзал жандары дүниеге келген нәрестелерге алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, аналардың жағдайын жіті бақылауда ұстады.

Мереке күні туған бүлдіршіндердің әрқайсысы – елдің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағының кепілі. Барша сәбилерге амандық, зор денсаулық, ал ата-аналарына бақ-береке мен шаттық тілейміз!