Астана қаласының әкімін қабылдады

6

0

Фото: АҚОРДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы мәлімет берілді.

Астанада барлық басты эконо­микалық көрсеткіштер бойынша оң қарқын байқалады. Биылғы төрт айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 588 миллиард теңгені құрады. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайыз жоғары. Олардың арасында өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, көлік, сауда, логистика салаларына қатысты жобалар бар.

Бүгінде Astana LRT жеңіл рельсті көлік желісі толық жұмыс істеп тұр. Елорданың қоғамдық көлік жүйесін жандандыру мақсатында жобаның екінші кезеңі пысықталуда.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік нысандардың құрылысы, тұрғын үй алаптарын көркейту жөнінде айтты. Соңғы жылдары Астанада 44 мектеп салынған. Ал жаңа оқу жылында 12 білім ошағы ашылады. Сонымен қатар 2 оқушылар сарайын және 6 балабақшаны ел игілігіне беру жос­парланып отыр. 2028 жылға дейін 2 перинатальды орталық, көпбейінді аурухана және диагностикалық кешен­нің құрылысы аяқталмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың инженерлік-коммуналдық инфра­құ­рылымы, Smart City жобасының іске асырылуы туралы баяндалды.

2026 жылы 173 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, 1,1 миллион түп жасыл желек егу көзделген.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Астана әкімі Жеңіс Қасым­бектің қызметін оң бағалап, елорданы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.