Атамның соңғы аманаты орындалатын болды – Мұхтар Шахановтың немересі

42

0

Фото: жеке парақшасынан

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың жиені Қайырхан Балғабеков атасының соңғы аманаты орындалатынын мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жазушы өзі өсиет еткен жер – Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерленетін болды.

 «Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленеді», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, ақынның жары Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысына жолдаған өтініш хатында Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты – оны ата-бабаларының киелі мекені Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлеу екенін айтқан болатын. 

Атамның соңғы аманаты орындалатын болды – Мұхтар Шахановтың немересі