Аудан әкімі әлеуметтік нысандарды аралады

413

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес жеке кәсіпкерлермен кездесіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Кездесуде аудан басшысы өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша тиісті шараларды жүзеге асыру қажеттігін және аумақтың тазалығын назарда ұстауды ескертті.

Жеке кәсіпкерлер де өздерінің пікірлерін назарға ұсынып, жұмыс жасап отырған орындарында қолайлы жағдай жасалғандығын айтып, қауіпсіздік жұмыстарының назарда екенін жеткізді.

Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы «Мечта» және «Эврика» сауда желілеріне де арнайы барды. Электроника және тұрмыстық техникалар сататын дүкендердің жай-күйімен танысқан аудан басшысы өрт қауіпсіздігінің талаптары және ұжымның ахуалына зерделеу жүргізілуі керектігін сөз етті.

Сонымен қатар ғимараттың сыртқы және ішкі санитарлық тазалығына аса мән бере отырып, сауда желілері тарапынан ұйымдастырылатын акция кезінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау қажеттігі айтылды.

Әлеуметтік нысандарға аудан әкімі Мұхтар Оразбаевпен бірге аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов, Әйтеке би кентінің әкімі Мұрат Әбсұлтанов және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Маржан Ким де барды.

Айта кетейік, арнайы құрылған жұмысшы топтардың зерделеу жұмыстары Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласынан бөлек, ауылдық округтерде де жалғасатын болады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<