Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

292

0

Фото: Қазалы ауданы

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 37-ші сессиясы өтті. Жиынды аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш ашып, жүргізіп отырды.

Сессияға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, аудан прокуроры Дарын Әбіш, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық бағыныстағы мекеме басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары және мектеп директорлары мен мемлекеттік және жекеменшік балабақша меңгерушілері қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе «Өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, экология, табиғат ресурстарын пайдалану» жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы аудандық мәслихаттың депутаты, комиссия төрағасы Арғын Орымбаев хабарлама жасады. Екінші мәселе «Аудандық білім бөлімінің атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов баяндады.

Жиында аудан әкімі сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сессияның күн тәртібіндегі әрбір көтерілген мәселелерді зерделеу үшін арнайы уақытша құрылған комиссиялардың жұмысын әлде де жетілдіру керек. Мәселен, комиссия аудандағы білім беру ұйымдарының барлығын дерлік түгел аралап, олардан анықталған кемшілікті тез арада қайта қалпына келтіруге жұмыс жасауы керек. Егер кемшіліктер өз мерзімінде қалпына келмесе, тиісті құзырлы органдарға ұсыныс бергені дұрыс. Мектеп директорлары, ұстаздар ата-аналармен бірлесе отыра бала тәрбиесіне қатысты да нақты шараларды жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ түнгі рейдтік шараларды да күнделікті тоқтатпай, бала қауіпсіздігіне аса мән беруіміз қажет, – деді аудан әкімі. Сонымен қатар жасөспірімдердің қауіпсіздігі, олардың тәрбиесі, мектептер мен балабақшалардың жағдайына байланысты білім беру ұйымдарының басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеп, жауапты орынбасарларына қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Ал, сессия барысында аудан прокуроры Дарын Әбіш жеке балабақшаларға байланысты анықталған кемшіліктер бойынша заң аясында тиісті жұмыстар жүргізіп, аудандық прокуратураға ұсыныс беру қажеттігін ескертті. Аудандық мәслихат депутаттары тарапынанда білім саласына қатысты ұсыныстар айтылып, сауалдар жолданды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<