Ауылдық округтерде жүйелі жұмыстар жүруде

181

0

Фото: Шиелі ауданы

Қазақстан Республикасының Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Тартоғай, Қоғалы, Майлытоғай, Сұлутөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Келелі кездесуге ауыл тұрғындары, ауылдың абыз ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары, зиялы қауым өкілдері мен бірқатар мекеме басшылары қатысты.

Алдымен, аудан басшысы Тартоғай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, алдымен жыл басынан бері Мемлекет басшысының және аймақ басшысының қолдауымен облыс көлемінде, Шиелі ауданында түрлі салада атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Әлеуметтік нысандар, асфальт, көше жарығы, ауыз су сынды өзекті мәселелері толықтай шешімін тапқан ауылдың тұрғындары дән риза.

Бұрын тұрғындар тарапынан көтерілген елді мекенге жаңадан дәрігерлік амбулатория салу мәселесі бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасына енгізілген 5 ауылдың тізіміне енгізіліп, алдағы уақытта жаңа амбулаторияның тұсауын кесеміз», – деді аудан әкімі. Тұрғындардың тағы бір мәселесі шешімін табуда.

Ендігі міндет, ауылды көркейту-көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән беру қажеттілігінде. Мұны аудан әкімі ауыл әкіміне мықтап тапсырды.

Келесі кезекте, аудан әкімі Тұрсынбай датқа елді-мекеніне барды. Мұнда аудан басшысы атқарылған жұмыстарға тоқталып, кейінен тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерін көтерді. Аталған мәселелерді тыңдаған аудан басшысы тиісті жұмыстар жасалатындығын жеткізді.

Келесі кезекте аудан әкімі Майлытоғай елді-мекеніне барып, ауыл тұрғындарының қатысуымен жиын өткізді. Күн тәртібіне ең маңызды мәселелердің бірі жол жөндеу, ауыз су мәселесін көтеріп, тиісті жауаптарын алды. Бұл мәселеге қатысты аудан әкімі Бұланбай бауы, 1-Мамыр, Жаназар батыр және Майлытоғай елді – мекендеріндегі ауыз су ұңғымасы, су мұнарасы, су қоймасы және ішкі желілерін жаңалау үшін құрылыс жұмыстарының жоба сметалық құжаттары әзірленуде деді.

Аудан әкімінің халықпен кездесулері Сұлутөбе ауылдық округінде қорытындыланды. Ауыл тұрғындары көтерген көгілдір отын мәселесіне қатысты аудан басшысы Тартоғай елді мекенінің тұсынан М. Шоқай автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана, аталған ауылдарға көгілдір отын жүйесі тартылатындығын айтты. Сондай-ақ өткен жиында аудан әкімінің баяндамасын мұқият тыңдаған тұрғындар ауданда атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, ақсақалдар ақ батасын берді.

Халықпен кездесулерде көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылады және тиісті жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<