АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІ

393

0

АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІ Үстіміздегі жылы Қазақстанның халық ақыны, белгілі айтыскер Манап Көкеновтің дүниеге келгеніне 90 жыл толады. Айтыстың ақтаңгері атанған өнер иесін қашанда жер­лестері үлгі тұтады. Қазақ өнерінде өз өрнегін қалдырған танымал тұлға Жаңақорған ауданының қазіргі Манап ауылында дүниеге келіп, сол елді мекенде өмірінің соңына дейін ғұмыр кешті.

Айтыс ақтаңгерінің туғанына 90 жыл толуына орай Манап ауылындағы №160 ор­та мектепте «Дарабоз ақын» тақы­рыбымен арнайы шара ­өткі­зілді. Онда көз­көрген азаматтар, туыс­тары мен балалары естелік әңгі­­мелер айтты.

Ауыл әкімі Ербол Әлменов, мек­теп директоры Жанәділ Ибрагимов өнер иесінің өнегелі өмір жолы жайлы айтып өтті. Туған інісі Құттықожа Көкенов ақынның жастық шағы туралы сыр шертті.

Небәрі 64 жас өмір сүрген М.Көкенов туған топы­рақтан жырақ кеткен жоқ. Еңбек жолында №1 Қызыл отау меңгерушісі қызметін ғана атқарып, сол жұмысында өмірі­нің соңына дейін болды. Жастайынан ақындар айтысына түсті. Өлең жазып, терме айтты. Осындай еселі еңбегінің арқасында «Республикаға еңбек сіңірген мәде­ниет қызмет­кері» атағын иеленді. Қазақстанның халық ақыны атағын иеленді. Өзінің көзінің тірісінде Манап Көкеновтің шығармашылық мектебі ашылды.

Айтыскер ақынның ­балалары – Ибадулла, Асқар Көкеновтер ша­раны ұйымдастырушы мектеп ұжымы мен өзге де азаматтарға риза­шылығын білдірді.

Бақыт БЕКЕТОВА,

мектептегі М.Көкенов атындағы 

мұражай меңгерушісі, 

Нағима ИКРАМОВА,

мектеп кітапханашысы.

Жаңақорған ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<