Қазақстанда қашан күн жылынады?

355

0

«Қазгидромет» РМК 2018 жылдың 3-5 наурызына ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанға еліміздің аумағы арқылы қатты жылдамдықпен өтетін суық антициклон ауысты. Өткен тәулікте республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы 3…8°С-қа дейін төмендеді. Сол себепті сенбі күні солтүстік, орталық және шығыс облыстарда ауа райы аязды, жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы нормадан төмен болуы ықтимал», – делінегн синоптиктердің хабарламасында.
4-5 наурызда антициклонның орнына Ресейдің еуропалық бөлігі мен Каспий теңізінен циклондар ауысып, ауа температурасы жоғарылайды.
Сонымен қатар, көптеген облыстарда жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<