Азық-түлік бағасын тұрақтандыру: бірқатар жұмыстар атқарылуда

649

0

Бүгінде облыстың тұрақтандыру қорында 1317,5 тонна өнім бар. Сондай-ақ, өнімдер аймақтың 36 әлеуметтік дүкені және 20 сауда орындарында және жәрмеңкелерде 1619 тонна көкөніс төмен бағада сатылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнұр Тлеулеева мәлімдеді.

– Бүгінгі таңда азық-түлік бағасы басты назарда. Жыл басынан бері бағаны тұрақтандыру үшін өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен күзгі және көктемгі кезеңде көкөніс өнімдеріне келіссөздер жүргізді. Сәйкесінше, тұрақтандыру қорындағы өнімдер әлеуметтік дүкендер мен сауда орталықтарына төменгі бағамен берілуде. Сонымен қатар, Тәжікстаннан 20 тонна пияз сатып алу келісіміне қол қойылды және көршілес Өзбекстан елінен 30 тонна картоп алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Жетісай тауар өндірушісімен 48 тонна қырыққабат әкеліну келісіліп, оның 24 тоннасы әкелінді. Мұнан өзге, қант тапшылығын болдырмау үшін Мерке қант зауытынан 2,3 мың тонна қант алу жоспарлануда. Бүгінде оның 204 тоннасы жеткізілді. Бұдан бөлек, нан бағасының тұрақталығын қамтамасыз етуде әкімдігімен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның ресурстарынан 5 649,0 тонна азықтық астық бөлу жөнінде меморандумға қол қойылды, – деді Айнұр Маратқызы.

– Биыл «Байқоңыр» ӘКК» АҚ корпорациясы шаһарда 18 жәрмеңке ұйымдастырды және Байқоңыр қаласында 1 жәрмеңке өтті. Сондай-ақ, азық-түлік бағасын тұрақтандыруда облыста 36 әлеметтік дүкен жұмыс жасап тұр. Бұдан бөлек, нан бағасын арзандатуда қаланың 14 наубайханасымен облыстың 7 наубайханасына бірінші сортты ұн берілді. Жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады, – деді «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Самат Ерниязов.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<