Бағдаршамда төртінші түс пайда бола ма

239

0

Фото: pixabay.com

Бұл жаңашылдық әзірге іске қосылмайды. Жолдарда жүргізушісіз көліктер саны артқан кезде ғана жүзеге асуы мүмкін.

«New Atlas» агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Каролина мемлекеттік университетінің зерттеушілер тобы өздігінен жүретін көліктердің саны артса, бағдаршамға төртінші түсті қосуды ұсынып отыр. Олардың компьютерлік үлгісі бойынша мұндай бағдаршам қиылыстардан өтуді жылдамдатып, көліктердің де, жаяу жүргіншілердің де қауіпсіздігін арттырмақ.

Десе де, мұндай жүйені нақты жүзеге асыру әлі алыс. Біріншіден, жолдарда жүргізушісіз көліктер көп болуы керек. Қазір мұндай көліктерге әлемнің бірнеше елінде ғана рұқсат етілген. Екіншіден, бағдаршамдарды жаяу жүргіншілерге түсінікті және оқуға ыңғайлы етіп өзгерту қажет.

Ғалымдар бұл тұжырымдаманы тек компьютерлік модельде емес, практикалық түрде тәжірибе жасауға мүмкіндік беретін физикалық сынақ алаңын салуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<