Қызылорда қаласы аумағында балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Осы орайда, басқарма басшысы Ғалымжан Бақтығалиұлы бірқатар шаруашылық нысандарын аралап, арнайы «Bal-Ali» ЖШС-не барып, балық өсіру көлемін арттыру және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Аталған кәсіпорында африкалық жайын, сазан, бекіре секілді құнды балықтар өсірілуде.






