Бүгін Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігіне қарасты мекемелерде қызмет істейтін полиция қызметкерлерінің төл мерекесі.
Бұл кәсіби мереке 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңмен тығыз байланысты. Заң Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін айқындайтын алғашқы құқықтық акт болып табылады.
2007 жылы 5 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 15 жыл толуына орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 23 маусымды Полиция күні деп бекітті.
Қазақстан Полициясы күні – полиция қызметкерлері мен полиция ардагерлерінің еңбектерін ескеріп, оларға ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Осы күні қызмет бабын орындау барысында қаза тапқан полицейлер еске алынып, іс-шаралар ұйымдастырылады. Биыл Қазақстан полициясына – 27 жыл.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<