7 наурыз күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын болады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі деп хабарлайды РМК «Қазгидрометке» сілтеме жасаған NUR.KZ.
Солтүстік Қазақстан, ҚостанайАқмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с аса күшеюі күтіледі, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Қарағанды облысында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында жел жаяу бұрқасынмен 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде жел жаяу бұрқасынмен 18 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-25 м/с күшеюі күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<