Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақпараттық түсіндіру тобының ұйымдастыруымен М. Ықсанов атындағы политехникалық колледжінде тағылымды кездесу өтті.
“Бірлігіміз – әралуандықта” тақырыбындағы бұл басқосуға қоғам белсенділері, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Жәкеев Жақсыбай Малбағарұлы, Ибраев Мұхтар Айшықұлы және “Мырқы қажы” мешітінің наиб имамы Асқар Жұбанов арнайы қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты.
Кездесу барысында бірлік пен тұрақтылықтың маңызы сөз болды. Қазіргі қоғамдағы бес түрлі кері фактор – құмар ойынға тәуелділік, вандализм, нашақорлыққа қарсы күресу бойынша маңызды ойлар айтылып, жастарды бейбітшілік пен келісімді сақтауға үндейтін ізгі үн тасталды.