Бірнеше күн бойы хабарсыз кеткен жасөспірім табылды

630

0

Қызылорда облысында бірнеше күннен бері хабарсыз кеткен 17 жастағы жасөспірім табылды.

Байқоңыр қаласының 17 жастағы тұрғыны 15 қарашада Қызылорда қаласына кеткен. Бірнеше күннен бері ата-анасына хабарласпаған. Үйге қайта оралмаған.

– Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салды. Іздестіру жұмыстарын бірнеше күн жүргізілді. Жасөспірім қала орталығынан аман-есен табылып, ата-анасына табысталды, – делінген Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<